Алматылық тұрғын Иван Иванов отырып-тұру жаттығуынан рекорд жасады.
73 жастағы қария 3 сағат 3 минутта 5 103 рет үзіліссіз отырып-тұрды. Осы сынды жаттығуды 2002 жылы венгриялық азамат Атилла Хорват жасаған. Ол 1 сағатта 4 656 рет отырып-тұрған.
Атап кету керек, бұл - Ивановтың төзімділікті талап ететін алғашқы ісі емес, қаңтар айында ол 6 келі 150 грамм бөренені 4 сағат 22 минутта 9 мың рет көтерген.
Десек те, ол бұл жетістігіме тоқмейілсімеймін, сәуір айында 5 кірпішті үсті-үстіне қойып, бір соққаннан сындырамын. Артынша 10 сантиметрлік тақтайды алақанмен жарып, шауып бара жатқан аттың үстіне секіріп мінемін, дейді.
Иван Иванов:
Жастарға үлгі болайын, деген ниет. Жастар жаттығумен айналысулары керек.
Әйгерім МУСИНА