Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына сайлау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына сайлау өтті

31.03.2014
Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына сайлау өтті

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға қайта сайлау 4 округте өтті. Облыстық маслихат пен Үржар ауданында біреуден, ал Зайсан ауданында екі депутаттың орны босаған.
 
 Олардың орнына  депутат сайлау үшін облыста барлығы 38 сайлау учаскесі жұмыс істеді.   
 
 Жалпы, облыс бойынша сайлауға түсуге 11 адам өтініш білдірген. Мамандардың мәлімдеуінше, сайлаушылар тізімінде 27 мыңға жуық адам болды. Олардың 88,2 пайызы кеше сайлау учаскесіне келіп, таңдаған үміткеріне дауыс берді.
 
 Сайлаудың өту барысы әртүрлі саяси партиялардың атынан келген бақылаушылардың жіті қадағалауында болды. Олар барлық учаскелерді аралап шықты. Заңбұзушылық болған жоқ, бәрі жақсы өтті, деген қорытынды жасады.
 
Еркінбек Аязбаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Шығыс Қазақстан облысында жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сайлауға қатысушылардың белсенділігі біршама жақсы. Мұны жылда өткізілетін талдау, сараптама жұмыстары көрсетіп отыр. Бұған әрине, жергілікті атқарушы органдардың, облыс басшыларының ықпалы бар. Өйткені, ол жұмыстарды ұйымдастыру осы кісілерге жүктеледі.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу