Көкшетауда 80 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 80 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

31.03.2014
Көкшетауда 80 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды

Көкшетау қаласының жол-патрульдік полициясы әкімшілік айыппұл салынған автокөлік иелеріне қатысты рейд ұйымдастырды. Небәрі екі күннің ішінде айыппұл тұрағына 9  көлік жеткізілді. Бұл көлік иелерінің өтеуге тиіс қарызы - 275 мың теңге.
 
 Ал, жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша 80 автокөлік айып тұрағына қойылған. Көлік иелерінің жалпы қарызы - 3 миллион 958 мың теңге.
 
  Тәртіп сақшыларының айтуынша, айыппұлды 30 күннің ішінде төлемеген азаматқа сот орындаушыларының қатысуымен шара қолданылады. Егер сот актілерінің талабын орындамаған жағдайда борышкер жүргізушіге 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 10 күнге қамауға алынады.
 
Сергей Мухарский, Көкшетау қаласының тұрғыны:
Менің айыппұлды төлеуге уақытым болмайды. Өйткені, жұмыстан кеш қайтамын. Маған үш мәрте айыппұл салынды. Біреуін төлегенмін. Бір-екі күннің ішінде уақыт тауып, қалған айыппұлдарды өтейтін боламын.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу