Атырауда 2000 түп тал егілді
Мұнайлы өңірде көктемнің ерте шығуы көгалдандыру жұмысын бастауға игі ықпал етуде. Бүгін қала тұрғындары жергілікті атқарушы биліктің ұйымдастыруымен көшелер мен аулаларды ретке келтіріп, парктерге ағаш көшеттерін екті.
Сенбілікке қала бойынша 2000-нан астам адам мен 150-дей техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық көгалдандыру жұмыстары жаңа бойы көтеріп келе жатқан ықшам аудандар мен қала іргесіндегі 7 селолық округтерде де тиянақты жүргізілуде.
Бүгін «Алмагүл» ықшам ауданындағы жаңа жасақталған демалыс паркінде 500 түп қарағаш, үйеңкі және ақтерек көшеттері егілді.
Серік Айдарбеков, Атырау қаласының әкімі:
Алмагүл ықшам ауданында, Нұрсая ықшам ауданында, сосын Жеңіс саябағы мен Авангард саябағында 1650-дей тал отырғызылады. Сонымен қатар, 8 балабақша мен 2 мектептің шарбағында 500-дей тал егілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07