Жергілікті атқарушы органдар жер телімдерін арзан бағамен сатып, оны мемлекет меншігіне қайтарып алу кезінде жер иесіне екі есе құн төлеген. Осылай сыбайласып әрекет еткендер соңғы үш жылда мемлекетке 2 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген.
Арасында, тіпті жалған құжат жасағандар да бар. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның алқа отырысында айтылды. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, өткен үш жылда меншік иелерінен 17 мың гектар жерді сатып алу үшін қазынадан 47 миллиард теңге бөлінген.
Алайда, бұл сомаға 17 мың емес, 12,6 мың гектар жер ғана мемлекет меншігіне алыныпты. Оның үстіне, жергілікті атқарушы органдар сатып алу құнын дұрыс анықтамайды.
Бұдан бюджетке 1 миллиард 300 миллион теңге шығын келген. Қазір республика соттарында 1 миллиард 800 мың теңгенің мәселесін көтерген 84 талап-арыз қаралу үстінде.
Әсет Шындәлиев, ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы:
Шымкент әкімдігінде жер телімдерінің құжаттары жойылып, қолдан жасалып отырған. Мәселен, «Нұрсәт» шағын ауданында мемлекеттік тұрғын үй құрылысы аясында баспана салынатын 283 гектар жер 2004 жылы сатып алынған. Бірақ қалалық әкімдік бұл жердің шамамен жартысын жеке тұлғаларға сатып жіберіп, барлық бастапқы құжаттарды қасақана жойған. Қазір әкімдік бұл жерге әкімшілік-іскерлік орталық салғысы келеді, ал ол үшін жерді қайта сатып алу қажет. Енді оны қайта сатып алу Астана мен Алматыдағы бағадан да қымбатқа түседі. 10 соттығы 21 миллион теңге.
Досымжан ЕРМҰРАТ