Басты Жаңалықтар Жұмыссыз әйелдерге қолдау көрсетілмек

Жұмыссыз әйелдерге қолдау көрсетілмек

Жұмыссыз әйелдерге қолдау көрсетілмек
 
«Нұр Отан» партиясының сарапшылар тобы елордада «Әйелдерді қолдау» тақырыбында отырыс өткізді. Басқосу барысында өзінің шағын бизнесін ашқысы келетін қыз-келіншектерге қолдау көрсету жайы талқыға салынды.
 
Ол үшін ең озық бизнес-идеяға арналған республикалық конкурс аясында жеңімпаз атанған 10 әйелге 600 мың теңге көлемінде грант бөлінбек. Сондай-ақ, жоба шеңберінде Ақмола мен Алматы облысындағы 20 ауылда әйелдерді оқыту жұмыстары жүргізілмек.
 
Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Халықаралық валюта қоры эксперттерінің пікірлеріне қарағанда, әйелдер қазір неғұрлым көбірек жұмысқа шығатын болса, онда елдің ЖІӨ одан әрі өсуге дайын.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ
Бөлісу