Студенттерге бақылау күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттерге бақылау күшейтіледі

29.03.2014
Студенттерге бақылау күшейтіледі

Болашақта Мысырдағы діни оқу орнына баратын жастар міндетті түрде Діни басқарманың арнайы рұқсатын алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда Каир білім ордалары қазақстандық талапкерлерді   қабылдамайды. ҚМДБ-ның мен Дін істері агенттігінің басшылығы Мысырлық әріптестерімен осындай келісімге келді. 

 
Қазақстандық делегация Мысырда өткен кездесулер барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Екіжақты келісімге сәйкес араб елінде білім алатын жастар қатаң қадағалауда болады.
 
Ең алдымен, «Әл-Азхар» университетінде оқимын деген талапкерлердің білімге деген ынтасына, мектептегі үлгеріміне назар аударылып, осыдан кейін ғана онда оқуға рұқсат берілмек. 
 
Ержан Маямеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі:
Қазір біздің жастарымыз арабтың салт-дәстүрімен өзінің ислам дінін шатастырып жүргендер көп. Тағы бір жат ағымдарға кетіп қалған жастарымыз бар. Осы бір кереғар нәрселерден, діни басқарманың жіберуімен көп нәрсеге тыйым салады.
 
Болашақта «Нұр Мүбәрәк» университетін тәмамдаған шәкірттер Мысырға қосымша алты айға оқуға жіберіліп тұрады. Түлектер «Әл-Азхар университетіндегі діндарлар мен ғалымдардан пәтуә шығаруды үйренеді. 
 
Ержан Маямеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі:
Кейбір әлемдегі өзекті, шариғи мәселелерге бірігіп пәтуә шығаратын боламыз. Бұл келісімге де қол қойылды. Енді  бірге жұмыс істейтін боламыз.
 
Шауқи Абдулкарим Әлла, Мысыр Араб Республикасының муфтиі:
Бізді, екі халықты достастыратын, біріктіретін әдет- ғұрыптарымыз бар. Біздің муфтиятымыз болсын, пәтуә бөлімі, «Әл-Азхар» болсын Қазақ еліне барынша қол ұшын созуға дайынбыз. 
 
Азат Рыстанбек, тілші:
«Әл-Азхар». Мысырдағы сан ғасырлық тарихы бар. Ислам құндылықтары мен негіздерін ғылыми тұрғыда тереңнен оқытатын әлемдегі белді де беделді университет. Каирде орналасқан оқу ордасына әлемнің әр түкпірінен келіп білім алады. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап бұл жерде қазақстандықтар да білім ала бастады. Қазірде «Әл-Азхарды» тәмамдаған жерлестеріміздің саны 400 асыпты. Бүгінде олар алған ілімдерін елімізде дәріптеп жатыр. 
 
Азат РЫСТАНБЕК

Хабарламаларға жазылу