Полиэтилен қаптар шекара асып жатыр
Қап дайындау ісінде тоқымашылардың рөлі ерекше. Кәсіпорын өнімінің сапасы осы мамандық иелерінің жұмысына тікелей байланысты. Мұнда 200-ге жуық тоқымашы еңбек етеді. Соның бірі - Гауһар Тұрсынқызы. Осы зауытта 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Гауһар өз ісінің маманы. Ұжым мүшелерінің арасында сыйлы, үлгі тұтарлық жан.
Гауһар Қожахметова, тоқымашы:
Осында оқытады, емтихан тапсырамыз. Адамдарды қабылдаймыз. Өзіміз білгенді үйретеміз. Менің қолымнан үш үйренуші сабақ алды. Олар мақтанышымыз. Қазір жұмыс істеп жатыр қасымда. Жалақымыз орташа, 60 -70 мың көлемінде.
Жалпы, кәсіпорында 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Тоқылған қаптар, әрі қарай тапсырысқа байланысты керек пішінге келтіріледі. Осы өнімді дайындаудың соңғы операциясын тігіншілер атқарады.
Серік Керуенбаев, өндірісті дамыту бөлімінің басшысы:
Өзіміздің жалпы айналымнан 25 пайызы экспортталады. Оның ішінде 15 пайызын Ресей Федерациясына жібереміз. Олар негізінен ұнға, қантқа және химияға арналған қаптар.
Экспортталатын өнімнің қалған бөлігі Тәжікстан мен Қырғыз Республикасына жіберіледі. Әсіресе, виг-бег деп аталатын қанар қаптарға тапсырыс жоғары. Сапалы полиэтилен өніміне Қытай елінің кәсіпкерлері де қызығушылық танытып отыр. Бір әттеген-айы, елімізде шикізатты өңдеп, полиэтилен жіп шығаратын өндіріс ошағы жоқ. Сондықтан, кәсіпорын, тоқыма жіпті қазіргі кезде Ресейден тасымалдауға мәжбүр болып отыр.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49