Этносаясатты жүргізуге 180-ге жуық ғалым үлес қосуда
Сәуірде өтетін Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында «Қазақстан 2050: руханилық пен әлем мәдениеті және келісім» тақырыбы кеңінен талқыланады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің төрайымы Айгүл Сәдуақасова хабарлады.
Оның сөзінше, бұл тақырыптар қоғамда аса өзекті. Сондай-ақ, аталмыш ғылыми-сараптамалық кеңес «Алаш» философиясы туралы арнайы жобаны қолға алған.
Жоба аясында кезең-кезеңімен толеранттылық пен мемлекеттілік гуманизм және келісім мәселелері кеңінен насихатталады.
Айта кету керек, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында ғылыми-сараптамалық кеңестің құрылғанына биыл 3 жыл толды.
Осы уақыт аралығында барлық облыстарда ғылыми сараgшылық топтар құрылып, этносаясатты жүргізуге 180-нен астам отандық ғалым үлес қосып келеді.
Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы
Осы жылдар аралығында 20-ға жуық ғылыми кітап шықты. 10-нан астам жобалар іске қосылды. Міне, осындай жұмыстар қазіргі таңда атқарылды. Ғалымдар ақпараттық, қоғамдық, студенттік ортада әрбір этномәдени орталықпен бірге жұмыс жасап келеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07