Тұтқындауға балама жаза жиі қолданыла бастады
Соңғы төрт айда тұтқындаудың орнына балама ретінде 875 адамға кепілдік жазасы қолданылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бас прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев хабарлады.
Тұтқындаудың орнынан кепілдікті қолдану туралы шешім былтыр қарашада шыққан. Содан бері жазалаудың бұл түрі кеңінен қолданыла бастаған.
Бас прокуратура өкілі елімізде қылмыстық жағдай тұрақты деді. Ауыр және аса ауыр, яғни адам өлтіру, тонау мен қарақшылық қылмыстары айтарлықтай азайған.
Келесі жылдан бастап жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі күшіне енетінін ескерсек, Бас прокуратура аталған жаңа құжат жүйелі жұмыс істеп кетуіне бағытталған жұмыстарды қолға алып отыр. Жиында сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Заң жобасының талқылау барысы да сөз болды.
Нұрмаханбет Исаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Бүгінгі күні 100 арызданушының 90-ы 3 күн ішінде өздерінің шағымдары бойынша қандай шешім қабылданғанын біле алады. Біздің мақсат -заңсыздықтарды мүлдем болдырмау. Соған байланысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға азаматтардың конституциялық құқықтарының өрескел және жүйелі түрде бұзылуына жол бергендері үшін аумақтық орган басшысын жұмыстан босатуды ұсындық. Бұл қауіпсіздік кеңесі тарапынан қолдау тапты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05