Арнайы білім мекемелерінде заңсыздықтар анықталды
Мүгедек балаларға арналған білім және денсаулық нысандарын тексерген құқық қорғаушылар осы саладағы біраз былықтың бетін ашты. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасында өткен жиында айтылды.
«Тексерудің қорытындысы Елордада кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының тапшылығын көрсетті. Ал, жұмыс істеп жатқан мекемелердің материалдық-техникалық базасы жұтаң, санитарлық талаптар өрескел бұзылған және сурдолог, логопед сынды мамандар жетіспейді», дейді прокурорлар.
Қазір Астанада 7 мыңнан артық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Соңғы үш жылда кемтар бүлдіршіндердің саны 16 пайызға өскен.
Шолпан Көшенова, прокурордың аға көмекшісі:
Көпшілігінде медициналық-мемлекеттік лицензиялары жоқ. Сондай-ақ дәрі -дәрмекті сақтау бойынша, сатып алу заңдылықтары бойынша заңбұзушылықтар анықталды.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30