«Ұлттар лигасы» деп аталатын турнир енгізілмек

Бүгін Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайында УЕФА-ның 38-ші Конгресі өтті. Оған Премьер-Министр Серік Ахметов пен бүкіл Еуропа футбол қауымдастығының басшылары қатысты.
Бұл жолы «кәрі құрлық» футболының алқа мәжілісінде негізгі көтерілген тақырып - нәсілшілдік пен футбол төңірегіндегі достастықты әрі қарай нығайту.
Одан кейін Кеңеске қатысушылар 2018 жылдан бастау алатын жаңа турнирді өткізуге нақты дауыс беріп, шешім қабылдады.
«Ұлттар лигасы» деп аталатын жарыс көп күнге жоспарланатын жолдастық кездесулердің алдын алады. Ұлттық құрамалар жиі жиналып, әртүрлі чемпионаттарда ойнайтын футболшыларды құрама командаға көп шақырмайтындай болады.
Бұл турнир барысында УЕФА рейтингісі бойынша түрлі топтар құрылып, жарысқа барлық 54 команда қатысады.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-Министрі:
Конгреске қатысушылар, елордамыз - Астанаға қош келдіңіздер. УЕФА Конгресi ТМД елдерi арасында алғаш рет Қазақстанда өткiзiлуде. Бұл - бiз үшiн үлкен мәртебе. Бұл шешiм Қазақстанның ФИФА ұйымына жақында ғана қосылуына қарамастан жасалып отыр. УЕФА бізге сенім білдіргені үшін алғыс білдіреміз. Бұл жиын еліміздің футболының дамуына септігін тигізеді деп сенемін. Бәрімізге белгілі, әлімдік спортта футбол ойыны көшбастап тұр. Бұл спортхалықты келісімге, достыққа шақырады.
Мишель Платини, УЕФА президентi:
60 жыл бұрын УЕФА құрылған кезде осынау ұйымның 38-ші кезектi отырысы Қазақстан атты керемет елде және жас әрi сұлу елорда - Астанада өтедi деп кiм ойлаған? Қонақжайлықтарыңызға мың алғыс бiлдiремiн.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47