Кәсіпкерлерге кедергі көп
Кәсібін дөңгелетемін, деген кәсіпкерлердің жолындағы кедергілер азаймай тұр. Бұл қоғамдық мониторинг жүргізу барысында анықталды. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 13 мыңға жуық кәсіпкер қатысқан.
Әрбір үшінші кәсіпкер өзіне көрсетілетін қызметке көңілі толмайды. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік органдар тарапынан көп құқықбұзушылық анықталған.
Кәсіпкерлерден түскен арыз-шағымдардың көбі сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, тауарларды өткізу, жер телімдерінің мақсатты қолданылуын өзгертуге рұқсат беру кезіндегі кедергілерге қатысты.
Мәселен, Ақмола облысының Мемлекеттік Сәулет құрылыс бақылау департаменті лицензиялауды қайта рәсімдеу кезінде заңнамада қарастырылмаған салық органының анықтамасын сұраған.
Заңсыз құжаттарды сұрау деректері Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысында да тіркелген. Мамандар бұл олқылықтарды жою мақсатында сауалнама нәтижесін ел Үкіметі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жібермек.
Ербол Үстеміров, ҚР ҰКП Қоғамдық мониторинг департаменті директорының орынбасары:
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы субсидия беру қызметі бойынша көптеген заңбұзушылықтар бар.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05