К.Өтемісоваға қатысты сот ісі басталды
Бүгін Алматыда қалалық соттың бұрынғы судьясы Күлпәш Өтемісоваға қатысты сот ісі басталды. Отырыс ашық түрде өтіп, оған айыпталушының туған-туыстары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қамауда отырған Өтемісова Қылмыстық Кодекстің 350-ші бабының 2-ші тармағы бойынша айыпталуда. Яғни, әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару бойынша.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 28-ші наурызында кәсіпкер Сутягинский қаруды заңсыз сақтап, адам өлтіруді ұйымдастырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған.
Алайда, 12-ші тамызда айыпталушының жазасы 6 жылға шартты түрде жұмсартылған. Осы істе апелляциялық соттың судьясы ретінде Күлпаш Өтемісова төрелік еткен.
Кейіннен кассациялық сот алқасы апелляциялық алқаның шартты мерзім туралы қаулысының күшін жойып, бастапқы үкімді қалпына келтірді. 6-шы қыркүйек күні әділетсіз сот үкімін шығарғаны үшін істі жүргізген Өтемісова қамауға алынды.
Владимир Попов, Күлпәш Өтемісованың адвокаты:
Менің қорғауымдағы Өтемісова Конституция шеңберінде шешім қабылдаған. Ал, Сутягиннің ісіне қарасты жазаның жеңілдетілген себебі, оның жазасын дәлелдейтін толық фактілер болмады. Қазір біз құжаттарды жинақтап, куәгерлердің тізімін жасаудамыз.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07