Өңірлерде ҚХА кафедралары ашылады
Осы аптада Көкшетауда, одан кейін көп кешікпей Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарында «Қазақстан Халқы Ассамблеясының» кафедрасы ашылатын болады.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елдегі «Славян, орыс және казактар ұйымы қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Сенат депутаты Анатолий Башмаков мәлiмдедi.
Мұндай тұңғыш кафедра жарты жыл бұрын Астанадағы Еуразия Ұлттық университеті жанынан ашылған болатын. Осы уақыт аралығында кафедрада ұлтаралық мәдениетті дамытудың методикалық базасы қалыптасқан.
Енді осы тәжірибе өзге өңірлерде де жүзеге асырылатын болады. Жалпы ассамблеяның алдағы 18-ші сәуірде өтетін 21-ші сессиясында елдегі рухани және мәдени мәселелер талқыланып, оған 1,5 мыңнан астам делегат пен елдегі дипломатиялық корпус өкілдері қатысатын болады.
Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Қазақстанның славян, орыс және казактар ұйымы қауымдастығы» ҚБ төрағасының орынбасары:
Аталған кафедрада ұлтаралық мәдениет пен толеранттылық ғылыми тұрғыдан зерттелетін болады. Бұдан бөлек, түрлі ұлт өкілдері осы кафедраға келіп, өздерінің салт-дәстүрлері мен тарихы туралы дәріс оқыса деген тілек бар. Яғни, бір ортада жүрген түрлі ұлт өкілдері осындай бастамалардың арқасында ынтымағын арттырар еді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07