Пара алды деген күдікпен айыпқа тартылды
Қостанайда мемлекеттік Сәулет-құрылысын бақылау және лицензиялау департаментінің үш бірдей қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды. Бұлар осы мекеменің басшысы және оның екі орынбасары.
Күдіктілер кезекті бір кәсіпорынға құрылыс - монтаж жұмыстарына қажетті лицензияны жылдамдатып бермек болған. Тек бұл қызметтері үшін 4000 доллар талап етіпті. Және оны осы мекеменің бас маманының көмегімен қалталарына баспақ болған.
Қылмыстық әрекетті әшкерелеген Қаржы полициясы қызметкерлері осылай,-дейді. Күдіктілердің үстінен Қылмыстық Кодекстің 311-ші бабы 4-ші бөлігінің «б» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Рустам Садықов, Қостанай облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
Қазіргі таңда соттың санкциясымен Александр Ен және Қайрат Қасенов қамауға алынды. Елдос Ағытаевқа қатысты үйқамақ санкциясы қолданылған. Департаменттің бас маманына қатысты парақорлыққа делдал болу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионатында Қазақстан тумасы ойнайды
08.06.2026, 20:58
Тау шатқалынан таңбалы тастар табылды
08.06.2026, 20:21
ҰБТ: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
08.06.2026, 20:14
ТМҰ мүше елдердің министрлері бас қосты
08.06.2026, 20:12
«Әділет» партиясының ІІ съезі өтеді
08.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
08.06.2026, 20:08
Парламенттік сайлауда Пашинянның партиясы жеңіске жетті
08.06.2026, 20:08
Аймақтық «BaiQymyz» гастрофестивалінің жеңімпазы анықталды
08.06.2026, 20:07