Қызылордада пияздан сусын өндіру қолға алынбақ
Қызылордада обыр дертіне ем пияз сусыны өндірілетін болады. Осы орайда облыс әкімдігі оңтүстіккореялық компаниямен әріптестік меморандумына қол қойды.
Бұл құжат аясында аймақта бұдан өзге де бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Оңтүстіккореялық компаниялар аймақта энергияны үнемдеу, машина жасау және фармакология салалары бойынша бірнеше жобаны қолға алуды көздеп отыр.
Сондай-ақ, жоспарда энергияны үнемдеуге бағытталған шамдар мен табиғи косметикалар өндіру жобалары қарастырылған. Мамандар газтурбиналық электростанция құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін де әзірлейді.
Саймон Ким, инвестициялық компания төрағасы (Оңтүстік Корея):
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, нанотехнологияларды қолдана отырып, пияз сусынымен обыр жасушаларының 70 пайызына дейін өлтіруге болады. Біз осы жобаны алғаш болып Қазақстанда, нақтырақ айтқанда, осы өңірде іске асыратынымызға қуаныштымыз. Жобаны жүзеге асыруға Қызылордамен бірге басқа да облыстар ниет еткен болатын. Бірақ, Сыр өңірі осы өнімді өсіруге қолайлы мекен екенін көрсетті.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49