Жамбыл облысында пошта қызметінің сапасы артпақ
Жамбыл облысында пошта қызметінің сапасы анағұрлым жақсара түспек. Ауыл-аймақтағы байланыс бөлімшелеріне Наурыз мерекесінде жаңадан 24 қызметтік автокөлік берілді.
Бұл техниканың арқасында енді шалғайдағы ауыл-аймақтарға аптасына бес рет хат-хабарламалар, сәлемдемелер жеткізілетін болады. Ал оларды апару уақыты бір күнге қысқарып отыр.
Сондай-ақ, инкассаторлық қызметке берілген бес көліктің арқасында ақша тасымалдау кезінде болатын қауіп-қатерлер азайды.
Ал, өңірдің орталығынан алыс жатқан Мойынқұм және Сарысу аудандарына «УАЗ» көлігіне орнаталыған пошта байланысының жылжымалы бөлімшесі табысталды. Оның іші орталық бағдарламаға қосылған компьютермен жабдықталған.
Әлихан Ысқақов, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры:
Жылжымалы пошта бөлімшелері шалғай ауылдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған. Ол кез келген ауылға барып, пошта қызметін көрсете алады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әл-Фарабидегі апат: Жәбірленуші тараптың бірі сотталушыны кешірді
08.06.2026, 20:02
Арыс қаласында 6 адамды қаққан жүргізуші әйел қамауға алынды
08.06.2026, 20:00
Ерлер құрамасы үстел теннисінен рейтинг жаңартты
08.06.2026, 17:33
Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді
08.06.2026, 17:30
Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр
08.06.2026, 17:25
Астанадағы балабақшада экологиялық танымдық шара өтті
08.06.2026, 17:22
Атырау облысындағы арықтар тереңдетіліп, шаруаларға су жетті
08.06.2026, 17:20
Ақмола облысында майлы дақылды үш есе көп екті
08.06.2026, 17:17