Петропавлда жетімдер үйіндегі төрт бүлдіршінің тұсауы кесілді
Алғашқы қадам. Петропавлда Наурыз мейрамы қарсаңында жетімдер үйіндегі 4 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Бұл акцияны өткізуге облыстық ақсақалдар кеңесі мұрындық болған.
Қалалық әкімдік пен Қазақстан Халқы ассамблеясының өкілдері бас қосып «Ұлық мереке қарсаңында аяғын басқан баланың қадамы құтты болады» деген ырыммен қазақтың ғұрпын жасады.
Наурыз тойы бүгінде Қазақстанды мекен ететін ұлттардың бәріне ортақ. Қонақтар құрқол келмей бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етіп, мәз қылып тастады. Ал әжелер шашу шашты, балаларды тәттіге кенелтті.
Сапура қажы Тәшенова, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі:
Тұсауың кесілді, байлауың шешілді дейді екен. Бұрынғы уақытта тұсауын кескенде қадамың сәтті болсын, жолың ашық болсын деп тілек айтқан. Соны істеп, шашуымызды шашып, Меккеден келген зәмзәм суымызбен беттерінен сипап тілек тіледік. Бақытты болсын, елімізде мұндай балалар көп болмасын, қарттар үйі жабылсын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін сағат 20:30-да: Жарықты сөндір – табиғатты қолда
28.03.2026, 20:49
Қазақстандық футбол жанкүйерлері Түркияға барды
28.03.2026, 20:09
Digital Battle жеңімпаздары анықталды
28.03.2026, 20:09
Таразда 4 млрд теңгеге жуық қаржыға екі зауыт ашылды
28.03.2026, 20:05
Суға батып кеткен 8 жастағы бала іздестіріліп жатыр
28.03.2026, 20:05
16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынды
28.03.2026, 20:05
Түркия халқы қартайып барады
28.03.2026, 20:05
Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты
28.03.2026, 20:04