Мемлекеттік сатып алу саласы бақылауға алынады
Қаржы полициясы мемлекеттік сатып алулар саласын қатаң бақылауға алмақ. Себебі, бұл салада мемлекет қаржысы оңды-солды ысырап етілуде.
Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.
Қаржы полциясы әзірлеген жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияда мемлекеттік қызметкерлерге де талап күшейтілмек. Мәселен, заңды еңбекақысының сыртында күмәнді жолмен байыған шенеуніктер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.
Жиында бірқатар құзырлы мекемелердің жемқорлыққа қарсы күресте шабандық танытып отырғаны да айтылды.
«Мемлекеттік органдар арасында сыбайластыққа қарсы үйлесімді қарекет жоқ», - дейді мамандар. Сонымен қатар, парақорлықты тыю үшін құзырлы мекемелердің қызметіне барынша жариялылық керек.
Шолпан Әйтенова, Экономикалық зерттеулер орталығының сарапшысы:
16 аймақтың бәрінде бюджеттің игерілуі 100 пайыз деп айта алмаймыз. Ең төменгі балл - Қызылордада 16, жоғары балл Шығыс Қазақстан облысында – 72. Бұл аймақта электронды үкімет жоғары дамыған. Олар барлық бюджеттік қаржы игеру ақпараттарын сайтқа салып отырады.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлер құрамасы үстел теннисінен рейтинг жаңартты
08.06.2026, 17:33
Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді
08.06.2026, 17:30
Оқушылар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр
08.06.2026, 17:25
Астанадағы балабақшада экологиялық танымдық шара өтті
08.06.2026, 17:22
Атырау облысындағы арықтар тереңдетіліп, шаруаларға су жетті
08.06.2026, 17:20
Ақмола облысында майлы дақылды үш есе көп екті
08.06.2026, 17:17
Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады
08.06.2026, 17:15
Астанаға 4 айда ₸587 млрд инвестиция тартылған
08.06.2026, 17:12