Атырауда дауыл ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті (толығырақ)
Бүгін қатты жел соғып, ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында көлік қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды.
Сондай-ақ, Атырауда кеше қатты жел тұрып, бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, секундына 25 метр жылдамдықпен соққан жел бір күннің ішінде облыс бойынша 7 нысанға едәуір залалын тигізген.
Балықшы кенттік округіндегі терможаңғырту бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үй де табиғаттың «тосын мінезіне» төтеп бере алмады.
Сондай-ақ, желдің қатты екпінімен ұшқан қаладағы жеке компаниялардың бірінің шатыры ғимарат алдындағы 3 жеңіл автокөлік пен бір шағын автобустың үстіне түсті.
Дауыл Жұмыскер елді мекеніндегі аялдаманы да құлатқан. Зардап шеккендер жоқ.
Марат Құрманов, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Атырау қаласы бойынша 6 жағдай, ал біреуі Құлсары қаласында тіркелді. Онда мектептің шатыры ұшты. Мұндағы жағдай қазір анықталып жатыр. Барлық нысандарда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеуде.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19
Биыл көмір тапшылығы болмайды
11.09.2026, 20:18