Мейрам күндері Астанада бірқатар көшелер жабылады
Мереке күндері Астанадағы тәртіпті 2 мың полицей қадағалайды. Оның 500-і жол қауіпсіздігіне жауапты. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің бүгінгі брифингінде айтылды.
Сондай-ақ, мейрам кезінде, «Қазақ елі» монументі орналасқан Тәуелсіздік даңғылымен қиылысатын және оған параллель жатқан көшелер жабылады.
Уақытша шектеу наурыздың 21-23 аралығында таңғы сағат 8-ден бастап, іс-шаралар аяқталғанға дейін жалғасады. Осы үш күнде көлігі барлардың Орынбор көшесіндегі айналма жолмен жүргендері дұрыс.
Мұны Астана қалалық Әкімшілік-полициясы басқармасы басты іс-шаралар өтетін «Қазақ елі» монументінің алды қауіпсіз болуы әрі кептеліс болмас үшін қолға алып отыр.
Жауапты орган наурыздың 21-і күні «Әзірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына баратын жамағаттың да жайын ескерген.
Жомарт Дәуменов, Астана қалалық Жолаушыларды тасымалдау орталығы директорының орынбасары:
Жұма намазына байланысты сағат 11:00-ден бастап, 15:00-ге дейін жүретін маршруттарға қосымша тағы 4 автобусты қосып отырмыз. Олар №26, №41, №35, №46 бағдарлар.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысындағы арықтар тереңдетіліп, шаруаларға су жетті
08.06.2026, 17:20
Ақмола облысында майлы дақылды үш есе көп екті
08.06.2026, 17:17
Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады
08.06.2026, 17:15
Жапонияда аюлардың шабуылы жиілеп кетті
08.06.2026, 17:07
Сенат реформаларды іске асыру мәселелерін талқылады
08.06.2026, 17:05
Филиппиндегі зілзаладан қаза тапқандар 32-ге жетті
08.06.2026, 17:03
Ақтөбеде екі апта бойы жаңбыр басылмай тұр
08.06.2026, 17:00
Қазақстан құрамасы пара каноэден 12 медаль жеңіп алды
08.06.2026, 13:33