Алматыда ағаш отырғызу шарасы басталды
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда ағаш отырғызу шарасы басталды. Бүгін Президент саябағына қарсы Науаи көшесінің сол қапталына 50 шырша егілді.
Игі шара - «Ағаш отырғыз» республикалық қоғамдық ұйымының «Жасыл қала» атты экологиялық жобасы аясында ұйымдастырылып, оған бірнеше мекеме ұжымы мен студенттер қатысты.
Топ-топқа бөлініп, тоңы жібіген тастақты жерді әп-сәтте қазып, Тяньшань және канадалық қылқан жапырақтыларды рет-ретімен отырғызды. Жалпы, Алматыда биыл 30 мың ағаш егілмек. Оның 10 мыңы көктемде, қалғаны жыл бойына отырғызылады.
Дәурен Жолдасбаев, «Ағаш отырғыз» РҚҰ басқарушы директоры:
Өте бір қызық саябақ жасағымыз келеді. «Алма қала» деген жобамыз бар. Жоба бойынша қалада 2 мыңға жуық қала бойынша ағаш егеміз. Ағаштар әртүрлі, кейбір жеріне алма ағаштарын егу жоспарда бар.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
25.05.2026, 20:24
Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты
25.05.2026, 20:22
Шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылып жатыр
25.05.2026, 20:20
Ақтөбе облысындағы ең ауқымды экологиялық жоба сәтті жүзеге асты
25.05.2026, 20:19
AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн
25.05.2026, 20:15
«Munaily Marathon-2026» марафоны өтті
25.05.2026, 20:13
Липосакцияның қаупі қандай?
25.05.2026, 20:13
Оқушылар халықаралық байқаулардан мыңнан аса медаль иеленді
25.05.2026, 20:11