Қытай азаматтарынан Қазақстанның төлқұжаты тәркіленді (ВИДЕО)
300-ге жуық Қазақстан паспорты Қытай аспақ болды. Кеше шекара қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайынан КС-929 бағытымен Қытайға бет алған ұшақтың бірінен екі Қытай азаматын ұстады.
Тексеріс барысында Гонконгтың екі тұрғынынан 291 Қазақстан Республикасы паспортының толтырылмаған түпнұсқасын тапты. Оның 250-і көк, ал 40-ы дипломатиялық күрең түсті. Күрең түсінің бірінде сурет пен тұрғылықты мекенжай көрсетілген.
Бұл аздай, құжат қасынан біздің ел азаматтарына ғана тиеселі қорғаныс жолағы бар голографиялық таспа орамы табылды.
Эдуард Климов, ҚР ҰҚК ШҚ 20/10 әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Қазір бұл іс заңнама негізінде егжей-тегжейлі тексерілуге Алматы қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді. Жалпы, мұндай жағдай бізде бірінші рет тіркелді. Біздің мақсатымыз - бұл құжаттарды шекарадан асырмау. Ал, тиісті шешімді құзырлы органдар паспорттарды сараптамадан өткізген соң ғана шығаратын болады.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанадағы балабақшада экологиялық танымдық шара өтті
08.06.2026, 17:22
Атырау облысындағы арықтар тереңдетіліп, шаруаларға су жетті
08.06.2026, 17:20
Ақмола облысында майлы дақылды үш есе көп екті
08.06.2026, 17:17
Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады
08.06.2026, 17:15
Жапонияда аюлардың шабуылы жиілеп кетті
08.06.2026, 17:07
Сенат реформаларды іске асыру мәселелерін талқылады
08.06.2026, 17:05
Филиппиндегі зілзаладан қаза тапқандар 32-ге жетті
08.06.2026, 17:03
Ақтөбеде екі апта бойы жаңбыр басылмай тұр
08.06.2026, 17:00