Бүгін, таңғы сағат 8-дер шамасында Астана іргесіндегі Қосшы тасжолында ірі жол апаты болды. Бірнеше көлік соқтығысып, соның салдарынан 15 адам зардап шекті.
Куәгерлердің айтуынша, қала жақтан келе жатқан «КаМАЗ» кран көлігі солға бұрыла бергенде, қарсы беттегі жолаушылар автобусына соқтығысқан.
Жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус жолдан бірнеше метрге ұшып кеткен. Ал, кран аударылып, жүргізушісі қатты жарақаттанған.
Зардап шеккендер республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығына жеткізілді.
Бақытжан Алтыбаев, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы «КаМАЗ» жүргізушісінің қателігінен болған.
Шынар АСАНҚЫЗЫ