1140 жолаушы құтқарылды (толығырақ)
Елімізде өткен тәулік ішінде 1140 жолаушы құтқарылды. Тек, «Самара-Шымкент» тасжолының өзінде 360 адам қар астында қалған. Олардың арасында жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі де бар.
Құтқарушылар аяғы ауыр әйелді дер кезінде Ақтөбедегі ауруханаға жеткізіп, өзгелерін қауіпсіз аймаққа шығарды.
«Егіндікөл-Новочеркасск» тасжолында да дәл осындай жағдай тіркелді. Үш шағын автобус пен бес жеңіл көлік қалың қардан жүре алмай, 27 адам жолда қалды.
Сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қар астында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді.
«Қазгидромет» мамандары алдағы екі күнде Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында жауын жауып, қатты жел тұрады, деп ескертеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05