1140 жолаушы құтқарылды
Елімізде өткен тәулік ішінде 1140 жолаушы құтқарылып, 296 көлік қар астынан шығарылды. Тек, «Самара-Шымкент» тасжолының өзінде 360 адам қар астында қалған.
Олардың арасында ішінде жүкті әйел отырған жедел жәрдем көлігі де бар. Құтқарушылар аяғы ауыр әйелді дер кезінде Ақтөбедегі ауруханаға жеткізіп, өзгелерін қауіпсіз аймаққа шығарды.
«Егіндікөл-Новочеркасск» тасжолында да дәл осындай жағдай тіркелді. 3 шағын автобус пен 5 жеңіл көлік қалың қардан жүре алмай, 27 адам жолда қалды.
Сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қар астында қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетілді.
АйданаҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49