Отбасын жоспарлау - маңызды іс
Ақтау қаласындағы перзентханада жас аналарды баланы күтіп бағуға үйрететін дәрістер өтіп жатыр. Шара «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны аясында ұйымдастырылған. Мақсат- ана мен бала өлімін болдырмау, сырқаттарды ерте анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау.
Перзентханадағы «Ана мен бала» мектебінде білікті дәрігерлер жүкті әйелдерге дұрыс босану тәсілдерін үйретсе, балалы аналарға бөбекті күтіп-баптау жолдары көрсетілді. Өйткені, адам денсаулығының мықты болуының 50 пайызы оның өмір сүру салтына тікелей байланысты, дейді мамандар.
Жанат Майсақова, жас ана:
Көптен күткен тұңғыш баламыз. Қуаныштымыз. Бізге баланы қалай күтуді, емізуді көрсетіп жатыр. Босану тәсілдерін көрсетті. Сол ақыл-кеңесті тыңдап аман-есен босандым.
Амангүл Жайылханова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры:
Бұл жерде аналарға кеңес берілді және жүктілік мерзімі туралы айтылды. Мезгілсіз, жоспарсыз жүктілік әйелдердің денсаулығына зиянды. Мамандар өз кеңестерін беріп тренинг өткізді.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы пара каноэден 12 медаль жеңіп алды
08.06.2026, 13:33
Бозжыраға екінші визит орталығын сала бастады
08.06.2026, 13:30
Травматологиялық көмек көрсету тәртібі жаңарды
08.06.2026, 13:27
Жазда ішек инфекциясы көбейеді
08.06.2026, 13:24
Алматыдағы апат: Куәгерлерден жауап алынды
08.06.2026, 13:21
Арыс қаласында мас жүргізуші 5 адамды қағып кеткен
08.06.2026, 13:18
6 жастағы бүлдіршіннің денесі Сырдариядан табылды
08.06.2026, 13:15
Конгода эбола жұқтырғандар көбейіп барады
08.06.2026, 13:12