Семейде инклюзивті оқыту қолға алынуда
Иә, еліміз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бөгетсіз өмір сүретін ортаға айналуы тиіс. Осы орайда Семейдегі қызмет көрсету саласы колледжі екі жылдан бері инклюзивті оқытуды қолға алған.
Қазір онда есту қабілетінен айырылған және нашар еститін студенттерді оқытатын арнайы бөлімдер ашылып, білім беріліп жатыр.
Татьяна Свистунова - Семейдегі нашар еститін балалар интернатының түлегі. Интернатты тәмәмдағаннан кейін арнайы оқу орны болмағандықтан, мамандық ала алмады. Соның салдарынан талай жыл жұмыссыз жүрді.
Өткен жылы, сәті түсіп, қызмет көрсету саласы колледжіне түскен. Қазір шаштараз мамандығы бойынша білім алып жатыр. Оқуға кететін шығын түгелдей облыстық бюджеттен бөлінеді.
Татьяна Свистунова, студент:
Біз қазір І курсты аяқтадық. Тағы 1,5 жыл оқыған соң куәлік аламыз. Жақсы үйреніп жатырмыз. Шәкіртақы да алып тұрамыз. Үкіметтің осындай мүмкіндік жасап отырғанына алғыс айтамыз.
Жалпы, Семейдегі қызмет көрсету саласы колледжі 2012 жылдан бастап, мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуды қолға алды. Ондағы мамандар кембағал жандарға қоғамның тең мүшесіндей білім беруге барлық жағдай жасалуы тиіс, деген пікірде. Қазір колледжде есту қабілеті нашар 20 студент оқып жатыр.
Жанар Ұзақбаева, колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Тігінші, аспазшы мамандығы бойынша сұраныстар бар. Сурдоаудармашыларды алдық, осы мамандықтар бойынша.
Колледжде бүгінде қызмет көрсету мамандарын оқытатын 7 бөлім бар. Онда тігінші, аспаз, шаштараз, дәнекерлеуші сынды сұранысқа ие кәсіп иелерін даярлайды.
Білім ошағы инклюзивті оқытуды одан әрі дамытуды көздеп отыр. Ол үшін оқу орны арнайы мамандарды жұмысқа алып, оқу базасын жаңартып жатыр.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық комиссия, вице-президент, Халық кеңесі: Парламенттік реформа туралы не белгілі?
25.01.2026, 20:27
298 медициналық нысан мен 162 мектеп: Былтыр қандай нысандар пайдалануға берілді?
25.01.2026, 20:27
Президент: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек
25.01.2026, 20:00
Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды
25.01.2026, 19:56
«Теңізшевройл» компаниясы мұнай тасымалдауға қатысты төтенше жағдай туралы мәлімдеді
25.01.2026, 19:51
«Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?
25.01.2026, 19:49
Қ. Тоқаев Д. Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
25.01.2026, 19:43
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда қандай ұсыныстар айтылды?
25.01.2026, 18:54