Семейде пара алған мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты
Семейде пара алу кезінде қолға түскен мектеп директорына қатысты сот үкімі шықты. Қаңтар айының соңына қарай жұмысқа еден жуушы мен медбикені қабылдау үшін қаладағы №35 орта мектептің басшысы пара талап еткен.
Еден жуушы болып жұмыс істеу үшін 30 мың теңге, ал медбикенің бос орны үшін 100 мың теңге сұраған. Директор ақшаны алып жатқан жерінде қолға түсті.
Сотта ол өз кінәсін толық мойындады. Пара алып, пайда таппақ болған мектеп басшысы бұл қызметке бір жыл бұрын ғана тағайындалған.
Анар Ахметова, Семей қалалық №2 сотының судьясы:
Сот үкімімен Оразғалиева Гүлмира Қайырғалиқызы Қазақстан Респуликасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 1 бөлімі бойынша заң бұзғаны үшін айыпты деп танылып, оған 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын.
Ержан ЖАҚЫП
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы пара каноэден 12 медаль жеңіп алды
08.06.2026, 13:33
Бозжыраға екінші визит орталығын сала бастады
08.06.2026, 13:30
Травматологиялық көмек көрсету тәртібі жаңарды
08.06.2026, 13:27
Жазда ішек инфекциясы көбейеді
08.06.2026, 13:24
Алматыдағы апат: Куәгерлерден жауап алынды
08.06.2026, 13:21
Арыс қаласында мас жүргізуші 5 адамды қағып кеткен
08.06.2026, 13:18
6 жастағы бүлдіршіннің денесі Сырдариядан табылды
08.06.2026, 13:15
Конгода эбола жұқтырғандар көбейіп барады
08.06.2026, 13:12