Сотталғандардың құқықтары басты назарда
Түрмедегі 12 482 адам ақылы жұмысқа орналастырылды. Бұл - абақтыдағы жұмысқа жарамды жандардың тең жартысы. Олар ендігіде мемлекеттің бұларға жұмсаған шығынын жабады әрі тапқан табысын үй-ішіне жібере алады.
Жазасын өтеу мекемесінде білім алып жүргендер де бар. Олардың саны - 5 мың. Өлім-жітімде азайған. Бұрын түрме десе, туберкулез ауруы есімізге түсетін. Бұл дертпен ауыру 10 пайызға дейін азайыпты. Бұл шаруаның барлығы - сотталған азаматтардың құқығын қорғау шарасы аясында қол жетілген дүниелер.
Бұл туралы бүгін адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Жиында сотталған азаматтардың құқықтарын қорғауды одан әрі жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов бүгінде абақтыларда азаптаулар мен қатыгездікке жол бермеу үшін жаппай жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жалпы елімізде 44 мыңға жуық адам жазасын өтеуде. Бұл көрсеткішті азайту үшін қоғамның құқықтық сауатын арттыру керек.
Қуаныш Сұлтанов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы:
Құқықтық кеңістікте құқықтық білімді күшейту қажет. Жас баланы мектептен бастап дағдыландыру керек. Жаман заң қабылдап жатқан жоқпыз. Заңды орындай алмай, заңмен өмір сүре алмай жатырмыз.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы пара каноэден 12 медаль жеңіп алды
08.06.2026, 13:33
Бозжыраға екінші визит орталығын сала бастады
08.06.2026, 13:30
Травматологиялық көмек көрсету тәртібі жаңарды
08.06.2026, 13:27
Жазда ішек инфекциясы көбейеді
08.06.2026, 13:24
Алматыдағы апат: Куәгерлерден жауап алынды
08.06.2026, 13:21
Арыс қаласында мас жүргізуші 5 адамды қағып кеткен
08.06.2026, 13:18
6 жастағы бүлдіршіннің денесі Сырдариядан табылды
08.06.2026, 13:15
Конгода эбола жұқтырғандар көбейіп барады
08.06.2026, 13:12