Қарағандылықтар «Мәңгілік ел» идеясын қолдайды
Қарағандыда Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Біз мәңгілік ел боламыз» атты патриоттық акция өтті. Ұлттық идеяны қолдауға арналған шараға оқушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, кәсіпорын жұмысшылары, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен ассамблея мүшелері қатысты.
«Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас», дегендей, Елбасымыздың биылғы Жолдауы да елдің еңсесін көтерген идеяларға толы стратегиялық құжат болды.
«Инновациялық индустрияландыруды күшейту, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін өркендету, ғылыми негіздегі экономика құру, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті отбасылық құндылыққа айналдыру сынды тың бастамалар «Мәңгілік елге» жеткізетін негізгі даңғылымыз», десті шара барысында сөз алғандар.
«Жастар» спорт кешенінде өткен акцияға жиналған 5 мың адам барша қарағандылықтар атынан «Мәңгілік ел» идеясын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Шараға қатысушылардың ортақ ниеті идеяға қатысты тілектер жазылатын кітапқа түсірілді. Сөйтіп, ол Қарағанды облысынан Оңтүстік Қазақстанға жол тартты.
Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары:
«Мәңгілік елдің» негізі - біздің тәуелсіздігіміз. Тәуелсіздікті нығайтатын еліміздің бірлігі. Ұлттық бірлігін сақтаған елдің ғанаәлеуметтік, экономикалық мәселелері шешіледі. Оның негізінде қоғамдық келісім жатыр.
РусланНҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» ШҚО-да жалпыхалықтық жобаға айналды
16.04.2026, 17:38
Ақмола облысында жүзден аса қоқыс полигоны заңдастырылмаған
16.04.2026, 17:33
Жеңіл өнеркәсіп нарығында отандық шикізат үлесі артады
16.04.2026, 17:30
Алматыдағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
16.04.2026, 17:27
Қазақстан мен Тәжікстан қатынасы одақтастық деңгейге көтерілді
16.04.2026, 17:25
Вашингтон Тегеранмен келісім жасағысы келеді
16.04.2026, 17:22
Таразда бір күнде 107 мәселе қаралды
16.04.2026, 17:20
Алматыда телефон ұстаған 1200 жүргізуші айыппұл арқалады
16.04.2026, 17:17