Екіжақты меморандумға қол қойылды
Бейне қолжетімді емес
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан тұрғын үй - құрылыс корпорациясы» АҚ арасында мемлекеттік «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын бірігіп жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды.
Басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов бұл меморандумның басым бағыттарын айта келе, биыл Шымкент қаласында 1080 пәтерлік 9 қабатты 15 тұрғын үй қолданысқа берілетінін айтты.
«Қазақстан тұрғын үй - құрылыс корпорациясы» АҚ тұрғызған баспана, жергілікті әкімдіктің тізімі бойынша, тұрғындарға жалға берілетінін жеткізді.
Айта кетейік, жалға алынатын баспана халыққа несиеге, 15 жылға беріледі. Төлем құны әр аймақтағы жалға берілетін тұрғын үйдің белгіленген бағасы мен пәтерді жалға алған уақытына байланысты.
Батыржан Қаракөзов, «Қазақстан тұрғын үй - құрылыс корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
2012 жылдан бастап «Қолжетімді баспана - 2020» деген бағдарлама қабылданған. Осы меморандум арқылы жергілікті атқарушы органдармен бірге халыққа қолжетімді үйлер салу жолдарын қарастырып жатырмыз.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner