Астанада ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды
Астанада 9-шы халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды. Жыл сайын көрмеге жетекші шетелдік және қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін жеткізеді. Биыл да сол үрдіс сүрлеуінен жаңылмады. Дәстүрлі шараға 26 елден 216-дан астам компания қатысуда.
Аумағы 7 мың шаршы метр көрме алаңдары бүгін түрлі техникалармен толы. Осы су жаңа көліктердің арасынан көзге түскені «Жаңа Голландия» деген трактор. 390 аттың күші бар бұл көлікпен ауыл шаруашылығына қажет жұмыстардың барлығын атқарасың.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Бұл техника 1800 жылы АҚШ-та шығарылды. Содан бері алты құрлыққа тарай бастады. Ал біздің елге 2008 жылы кірді. Қазіргі уақытта бұған халықтың қызығушылығы баршылық. Өйткені, осы уақытқа дейін бұл техниканың 50-ден астам данасы сатылып кеткен.
Рахат Жиенқұлов, сату менеджері:
Көрмеден кейін қызығушылық бар. Көрме өткізіліп жатқанда 3 күнде біз келісімшарттар жасап жатамыз. Көрмеден кейін бізді іздеп келіп жатқандар да бар. Бұл көрменің пайдасы өте зор.
Жылдан-жылға көрмеге қатысушы елдер саны артып отыр. Былтыр 16 мемлкет өкілдері келсе, биыл 26-ға өсті. Яғни, біздің халықтың жаңа технологияларға деген қызығушылығы артып отыр.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Пайдасы тауар өндірушілерге тиеді. Олар шығындарын азайтып, алатын өнімді көбейтуі керек. Өнімді көбейту үшін ең жақсы техниканы, жақсы технологияны таңдау қажет.
Мұнда техника сатып алар болсаң, мамандар оның тілін жіті түсіндіріп береді. Ал мына мотокосилка секілді көліктерді игеру оңай-ақ. Кәдуілгі велосипедтің өзі. Бұдан өзге мұнда ағаш отырғызудың тың технологияларын, құс өсірудің жаңа тәсілдерін білуге болады. «AgriTek Astana-2014» ауыл шаруашылығы көрмесі 14 наурызға дейін жалғасады.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07