«Мемлекеттік тіл - рухани жаңарудың негізі». Мәдениет және рухани даму институты осындай жоба аясында соңғы 5 жыл ішінде 50-ден астам кітапты жарыққа шығарды.
Олардың қатарында Алаш зиялыларының шығармалары және ағылшын, неміс, француз аудиториясына арналған тіл үйрету құралдары бар. Ең кереметі, бұл оқулықтар қазақ тілін ешқандай аралық тілсіз тікелей үйретуге арналған. Кітаптардың әрқайсысы 1000 данамен жарық көрді.
Бекжан Әбдуәлиұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Мәдениет және рухани даму институтының директоры:
Қазір ескі қазақ әдеби тілі деген мәселе көтеріліп жүр. Осы бағытта екі томдық арнайы сөздік, сонымен қатар, Еуразия мәдениетінің сөздігі сияқты түрлі бағыттағы еңбектер шығарылып, оқырмандарға ұсынылды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ