Банк карточкасы үшін 24 жастағы қызды өлтіріп кетті
Алматыда 4 наурыз күні із-түзсіз жоғалған 24 жасар Саида Ибрагимованың мәйіті табылды. Естеріңізге сала кетсек, бойжеткен бірнеше күн бұрын үйінен шығып, қайта оралмаған.
Құқық қорғау органдарының жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Саиданың 1990 жылғы танысы мен оның 27 жастағы жақын досы тұтқындалды.
Екеуі де Алматының жұмыссыз тұрғындары. Олар алдымен қызды буындырып, іздерін жасыру үшін денесін қала сыртына шығарып өртеп жіберген. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындап отыр.
Мұндай айуандыққа қыздың банктік карточкасындағы сақталған ақшаны қолды қылу үшін барғандарын айтады. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
Саиданың жеке банктік карточкасында 64 мың теңге болған. Сол ақшаға қызығып, осындай әрекетке барған. Қылмыстық Кодекстің 96 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 10 жылдан аса бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Әйгерім МУСИНА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11