«Kcell» компаниясына 16 миллиард теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kcell» компаниясына 16 миллиард теңге айыппұл салынды

11.03.2014
«Kcell» компаниясына 16 миллиард теңге айыппұл салынды
Тұтынушылардың құқығын бұзып, пайдаға кенелгісі келген «Kcell» ұялы байланыс операторына Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық соты 16 миллиард теңгеден аса айыппұл салды.
 
Себебі, компанияның Activ бренді арқылы көрсетілетін «Күндізгі лимитсіз» тарифтік жоспарындағы есептеу механизмі дұрыс жүргізілмеген. Екіншіден «Kcell» тұтынушыларының  теңгерімі таусылып, шотындағы бірлігі 0-ге жетсе де, қызмет көрсетуі тоқтатылмаған.
 
Сондықтан Бәсекелестікті қорғау агенттігі алпауыт компания өзінің нарықтағы пәрменді жағдайын пайдалана отырып, тұтынушылардың құқығын шектеген, дейді.
 
Қуандық Ешмет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:
«Kcell»  компаниясын әкімшілік сотымен кінәлі деп таныды. ҚР Әкімшілік Кодексінің 147-ші бабы,  3 бөлімі бойынша 16 миллиард 53 миллион теңге айыппұл салынды. Бірақ заң әлі өзінің күшіне енген жоқ. «Kcell» компаниясының Алматы қалалық сотына арыздануына, апелляциялық шағым беруіне құқы бар. 
 
 
Айгүл  ЕРМАХАН
 

Хабарламаларға жазылу