Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасы төмен
лімізде жолаушылар тасымалы қызметінің сапасы сын көтермейді. Бүгін Мәжіліс депутаты Светлана Романовская осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, «Тұтынушылар Ұлттық Лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігіне жолаушылар тасымалы сапасына қатысты арыз-шағымдар мен өтініштер көптеп түсуде.
Дені - қоғамдық көліктердің санитарлық жағдайы мен маршруттардың кестедегі уақыттан кешігуіне байланысты. Ал, жол жүру ережелерінің бұзылуы бүгінде түйткілді мәселе болып тұр. Мысалы, өткен жылдың өзінде республика бойынша жол ережесін бұзғаны үшін 4000-ға жуық автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылған. Оның 1000-ы шенді-шекпенді.
Қанат Уәлиев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы:
Ал, ағымдағы жылдың алғашқы 2 айында 292 лауазымды тұлға мен 1000 автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Олардың қатарында, мас күйінде көлікті тізгіндегені мен жол ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтар да бар.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49