Жаңа электронды портал іске қосылады
Мемлекеттік тапсырыспен салынатын құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттарын сараптамадан өткізу жаңа жүйе бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші сәуірде іске қосылатын электронды портал мемлекеттік сараптама қызметінің ашықтығын көрсетеді. Бүгін сарапшылар мен жобалаушы, тапсырыс берушілер бас қосып, жаңа порталдың мүмкіншіліктеріне тоқталды.
Тиімділігі: біріншіден, бұрынғы қағазбастылық азаяды, екіншіден, жоба ұсынып отырған тапсырыс беруші құрылыс сызбасының сараптамадан қалай өткізіліп жатқанын тікелей қадағалап отырады. Үшіншіден, жобалаушы мен мемлекеттік орган арасындағы байланыс нығайып, жұмыс күші артады.
Бұл бастама елдегі құрылыс саласының халықаралық талапқа сай дамып, сапалы тұрғын үйлердің бой көтеруіне оңтайлы ықпал етпек.
Шымыр Қарманов, «Мемлекеттік сараптама» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры:
Елбасының тапсырмасына байланысты біздерге осындай жоба қойылып отыр. Сол себепті бүгінгі семинар тапсырыс берушілер мен жобалаушыларды алдын ала таныстыру. Қаралу уақытын азайту, том-томдап үлкен жобаларды қолмен тасығаннан электронды жүйе тезірек болады және берілген ескертулерге байланысты оның қайтадан жауабын алу сияқты жалпы көп жұмыстарды жеңілдетеді.
Айгүл ЕРМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30