Қарусыздану туралы қарарға - 10 жыл
Аймақтық және ғаламдық қарусыздану мен оны таратпау, сондай-ақ терроризмге қарсы әрекет етуде өңірлік және халықаралық әріптестікті нығайту - басты мақсат.
Қарусыздану туралы қарардың10 жылдығына орай «Орталық Азия+» үлгісінде Астанада басталған екі күндік келелі семинардың көтерген жүгі - осы. Дөңгелек үстелдің алғашқы күнінде әлемнің түкпірінен келген саяси қайраткерлер ядролық қарусыздану, оны таратпау төңірегінде ынтымақтастықты арттырудың түрлі аспектілерін талқылады.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған шара барысында есірткінің заңсыз айналымымен күрес, терроризмнің алдын алу және басқа да қауіп-қатерлерге қатысты мәселелер назардан тыс қалмады. Ал, бұл бағытта Қазақстанның ұстанған саясаты салмақты, деп белді сарапшылар жоғары бағаларын берді.
Джармо Сарева, БҰҰ Қарусыздану мәселелері бойынша басқарма басшысының орынбасары:
Қысқаша айтсақ, «1540 Қарары» - ядролық қарусыздандыу, оны таратпауды, терроризмге қарсы тұруды, күресуді көздейді. Бұл 10 жыл бұрын қабылданған. Ал, осы ғаламдық қарусыздануға қатысты Қазақстанның және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі үлкен екені анық. Бұған осы шараның қазақ жерінде өтуі дәлел деп білемін. Бүгінгі пікір алмасу әрі тәжірибе бөлісу жиынында біраз мәселелерді талқылаймыз, мұның алда атқарар шаруаға тигізер пайдасы зор.
Алмат ӘБДІРАМАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11