Жас келсе - іске
Қостанайда жастайынан лауазымды қызметке іліккен қазақ қызы тұрады. Әлия Сапарова - әлі отызға да толған жоқ. Алайда осы уақытқа дейін проректордың орынбасары, проректор, тіпті қала әкімінің орынбасары міндеттерін абыроймен атқарды. Қазір ол облыстық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы.
Бірден айтайық - Әлияны әкесі де, көкесі де сүйрелеген жоқ. Ол Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы аулында, қатардағы агроном мен есепшінің отбасында дүниеге келді. Мектеп бітірген соң Қостанай Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсті. Студент кезінен қоғамдық жұмыстардың қайнаған ортасында жүрді.
Әлия Сапарова, облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:
Облыстағы іс-шараларға көп араластым. Мерекелік шаралар мен ресми шараларға модератор немесе жүргізуші ретінде қатыстым. Оның бәрі үлкен тәрбие, үлкен мектеп.
Алғырлығымен көзге түскен студентті уинверситет басшылығы қолдай білді. Сөйтіп дипломы қолына тиісімен өзі білім алған оқу орнына қызметке орналасты. Мұнда ол проректорлыққа дейін жоғарылады.
Ал 25 жасында Лисаков қаласы әкімінің орынбасарлығына тағайындалды. Шағын қаладағы қызметін де абыроймен атқарды. Кездескен қиындықтан да шығар жол таба білді.
Әлия Сапарова, облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы:
3 жыл жүргенде, бәрі орысша сөйлейді. Не болып барады деп ойладым. Сосын Абай жолын оқыдым. Бірнеше рет. Ол да үстелімнің үстінде жататын.
Қазір де Әлия бір мезгіл Абайдың қара сөздерін оқуды әдетке айналдырған. Жұмыс үстелінің үстіндегі құнды дүниелердің бірі - осы кітап. Кезінде көркемсөз оқу сайыстарына қатысты, сөз өнерінің майталмандарынан дәріс алды.
Әсия Беркенова, ақын:
Қыз бала деген алдымен ана ғой. Сондықтан олар адам баласына тек жақсылық ойлайды. Мен өз басым Әлия қазір өзіне тиесілі қызметте отыр деп есептеймін.
Бүгінде Әлия басшылық ететін мекеменің міндеті - жастарды қолдау, оң бағыт-бағдар сілтеу. Бұл тұрғыда ол замандастарына қызмет бабында ғана емес, іс-әрекетімен де үлгі бола алады.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11