Заңсыз діни бірлестіктің қызметі әшкереленді
Қызылорда облыстық прокуратурасы заңсыз діни бірлестіктің жұмысын жүргізген азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғады. Қызылорда қаласының тұрғыны бірлестікке басшылық жасаған, әрі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде өз ағымының идеологиясын уағыздаған.
Оған қатысушылардың қатарында кәмелет жасына толмаған балалар да бар. Жинақталған құжаттар бойынша белгілі болғаны, олар аптасына үш рет кездесіп отырған. Тексеру барысында сондай-ақ, түрлі діни кітаптар тәркіленді.
Нүркен Тұрғанбаев, облыстық прокуратураның бөлім бастығы:
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен Қызылорда қаласының тұрғыны Ю.А Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 374-1 бабының 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Қазіргі таңда сот қаулысы күшіне енген жоқ.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49