Жаңа мектеп пен балабақша ашылды
Көкшетау қаласындағы Бірлік мөлтек ауданының тұрғындары бұған дейін балаларын шалғай орналасқан мектептерге жіберетін. Енді міне, бұл мәселе оң шешімін тапты.
Мөлтек ауданда 216 балаға арналған жаңа мектеп ашылды. Құрылысы екі жыл бойы жүргізілген білім ордасы талапқа сай. Барлық пән кабинеттері заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.
Оқушылар жаңа мектептегі алғашқы сабақтарын бастап та кетті. Осы ғимараттан қосымша 80 бүлдіршінге арналған балабақша да пайдалануға берілді.
Бибігүл Оспанова, Бірлік шағын ауданының тұрғыны:
Бұрын мектеп, балабақша болған жоқ. Балаларымыз Көкшетау қаласындағы №17 мектепке барып жүрді. Қазір міне, осы мөлтек ауданның ішінде жаяу барып, жаяу келетіндей жағдайға жетті. Бұрын балаларымызды уайымдап отыратынбыз. Енді бәрі жақсы деп ойлаймын, үлкен рахмет.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11