Шығыс Қазақстан облысында келіндер байқауы өтті
Шығыс Қазақстанда Әйелдер күніне орай «Аяулы жас келін» атты байқау өтті. Мерекелік сайыста облыстың барлық аудандарынан келген жас келіншектер бақтарын сынап, өнерлерін ортаға салды.
Ұйымдастырушылар қатысушылардың жасы 29-дан аспаған, сәбиі бар, әрі ата-енесінің қолында тұруы тиіс деген талап қойған болатын. Осы шарттарға сай келетін және өз аудандарында өткен сайыста жеңіске жеткендер облыстық байқауға қатысуға мүмкіндік алған.
Алдымен олар өздерінің өмірі туралы бейнеролик дайындады. Қазылар алқасы осы материалдарды қарап отырып, арасынан 11 үміткерді іріктеп алды. Бұдан соң жас келіндер Өскеменде бас қосып, ұлттық тағамдарды даярлаудан, өнер көрсетуден сайысқа түсті. Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды Абай ауданының тұрғыны Тоғжан Исанова жеңіп алды.
Тоғжан Исанова, байқау жеңімпазы:
Осы жарысқа қатысуыма Абай ауданындағы көптеген кісілердің, аға-әпкелерімнің көмегі болды. Бәріне рахмет айтамын. Бұл - бүкіл Абай ауданы халқының жеңісі.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанайда 300-ден астам қатысушыны біріктірген құқықтық марафон өтті
08.06.2026, 10:16
Ғалымдар тау ормандарын зиянкестер жайлап бара жатқанына алаңдаулы
08.06.2026, 10:13
Қарағанды облысында шегіртке басқан алқаптарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
08.06.2026, 10:06
Парламент сайлауында Пашинянның партиясы алда келеді
08.06.2026, 10:04
Иран мен Израиль бір-біріне соққы берді
08.06.2026, 10:03
Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала болды
08.06.2026, 10:01
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11