Атырауда Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті
Атырауда Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Жиында жастардың жұмысқа орналасу мәселесі қозғалды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 14 пен 29 жас аралығындағылардың 116 мыңы жұмыссыздар қатарында. Кеңес отырысынан кейін, «Жасыл ел» жастар қозғалысының оныншы еңбек маусымының ашылу салтанаты болды.
Көшпелі отырыста Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, олардың әлеуметтік жағдайын реттеп, қоғамдағы белсенділіктерін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Әр өңірде ілкімді істер жүзеге асып, жұмыссыздар қатары азайған. Қазір еліміз бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызды құрайды. Кеңес мүшелері бұл көрсеткішті одан әрі төмендету мәселелерін қарастырды.
Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы:
Елімізде қазір кәсіпорындар көптеп ашылуда. Сол кәсіпорындарда жастардың үлесі жоғарылау керек деген пікірдеміз. Соны біз бүгін талқыладық. Министрліктерге тапсырма берілді.
Жастар арасында түсінік жұмыстарын жүргізуге жаңа жұмыс орындары жөнінде нақты статистикалық болжамның болмауы кедергі келтіретіні де назардан тыс қалған жоқ.
Мейірім Қалауи, Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
Сондықтан да, біз бүгінгі отырыста статистика агенттігіне ұсыныс беріп отырмыз. Агенттік заңды тұлғалардан жиналатын есептерде бес жылдық жұмыс орындарының болжамын беруі керек.
Көшпелі отырысқа қатысушылар «Жасыл ел» жастар қозғалысының оныншы еңбек маусымының ашылу салтанатына да қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген қозғалыс мүшелері Атырауда ағаш отырғызып, қаланың абаттануына үлестерін қосты.
Ертай Қуанбек, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі:
Аталмыш қозғалыс барысында біз еліміздегі экологиялық ахуалы нашар аудандарға көмек көрсету, елімізді жасылдандыру жұмыстарымен айналысамыз.
Жалпы, республика бойынша «Жасыл ел» қозғалысының мүшелері он жылдың ішінде 200 мың адамға жетті. Олар елімізде 40 миллион түп ағаш отырғызып үлгерген.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:25
Еуропалық сарапшылар Республика күнімен құттықтады
24.10.2025, 13:22
Ресей мен Беларусьті 2026 жылы Паралимпиада ойындарына қатыстырмайды
24.10.2025, 13:19
Израильдің аннексиялық жоспарына Трамп қарсы шықты
24.10.2025, 13:17
Алматыда дроппер-әйел ұсталды
24.10.2025, 13:14
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккендер орталыққа жеткізіледі
24.10.2025, 13:11
Қазақстан – цифрлық технология саласында көшбасшы
24.10.2025, 13:08
Оралда «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
24.10.2025, 13:05