Қызылжарда көктем шуағы төгіліп тұрды
Мерекелік көңіл-күй Қызылжарда бірден аңғарылады. Алаңға келген қыз-келіншектерге жастар жағы қызғалдақ үлестірді. Бұдан соң сахна көрігін қыздырған әншілер ең әуезді, ең әсерлі әндерді шырқады.
Тойшылап келген халайық түнде ғана жауған көбік қардың үстінде би билеп, думанға әр бере түсті. Осылайша теріскейліктер аналардың арда мерекесін, барынша сән-салтанатқа бөлеп ойын-сауықпен атап өтті.
Тимур Айтқожин, «Арт-Думан» тобының көркемдік жетекшісі:
«Жердің көркі - гүл, елдің көркі – қыз» демекші бүгін аяулы аналарымызды, аруларымызды, жеңгелереімізді, апаларымызды 8 наурыз Әйелдер күнімен, көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін өнерпаздар атынан құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастырып отырмыз. Ана деген бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді дейді. Біздің аналарымыз әрдайым гүлдей құлпырып жүре берсін. Біз құрметтеп өтейік, жұмақтың кілті ананың табанының астында демекші, аналарымыз мәңгі жасай берсін, мереке құтты болсын.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27