Жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер мерекені атап өтті
Темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жүрген қыз-келіншектер де 8-ші наурыз Әйелдер күні мерекесін асыға күтеді. Себебі, көңілдеріндегі кірбің бір сәт көтеріңкі көңіл күйге алмасып, соңынан көздеріне жас үйірілетін ерекше күн бұл.
Жанат Мырзаева алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-ші бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Қарағанды маңындағы АК 159/9 әйелдерге арналған түзеу мекемесінде отырғанына 5 жыл болды. Осында кітапханашы болып жұмыс істейді. Айтуынша, мекемеде барлық мерекелер сынды 8 наурыз күні де ескерусіз қалмайды екен.
Жанат Мырзаева, жазасын өтеуші:
Бұл жерде енді өзіміздің көңілімізді көтеріп, жаман қасиеттерге тап болмайық, деп мерекені барынша жақсы қарсы алуға тырысамыз.
Әлсіздігінен еркіндіктегі ғұмырының біраз бөлігін түрмеге жұтқызған 900-ден астам қыз-келіншек осы 159/9 түзеу мекемесінде жазасы өтеуде. Әрине, «құрсаудағы үйде» жүріп мерекені атап өтудің еш жақсылығы жоқ.
Дегенмен дүниенің жаратылысы әйел заты екендіктерін ескеріп өздері ішінара концерттер мен қойылымдар ұйымдастырады. Күнделікті дәріс барысында пікірталас өткізіп, шығармалар жазады.
Саят Башеков, АК 159/9 түзеу мекемесі бастығының орынбасары:
Осы алдымызда келе жатқан 8 наурыз мерекесіне орай сотталғандар арасында концерттік бағдарламалар мен көріністік қойылымдар ұйымдастырылып жатыр. Бұл олар үшін өте маңызды, деп ойлаймын.
Алайда, сотталушылардың басым көпшілігі осы 8 наурыз күні жақын-жуықтарының келгенін қаламайды екен. Шын әйел бақыты еркіндіктегі өмірде, дейді олар.
Жанат Мырзаева, жазасын өтеуші:
Мен осы жерде отырып түсіндім, біздің туғанымыз, балаларымыз, сол шын сүйетін жандарымыз осы жерде отырғанымызға қарамай, бізді ұмытпай жақсы көрсе, сол біздің бақытымыз
Осылайша түзу жолдан тайып, жазасын өтеп жүрген қыз-келіншектер де 8 наурызды атап өтеді. Алайда, олардың аңсары, нағыз мерекелік көңіл-күйі темір тордың ту сыртындағы еркіндікке қарай ауып тұратыны да рас.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде тұрғындар жаңбыр суының өзенге құйылуына наразы
08.06.2026, 09:59
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06