«Әйелдерге гүл сыйлаңдар» акциясы өтті
Әр әйелдің өміріндегі ерекше сәтте оған гүл сыйлау дәстүрге айналған. Осы орайда Әйелдер мерекесі қарсаңында Орал қаласында ерекше акция ұйымдастырылды.
Облыстық «Азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, көшеде кездескен қыз-келіншектерге тосынсый жасады. Гүлге теңейтін әйелдерге раушан мен қызғалдақтарды тарту етіп, оларды ерекше қуанышқа бөледі. Әйелдерге мерекелік көңіл күй сыйлаған шара шаһардың бірнеше жерін де ұйымдастырылып, кейін концерттік бағдарламаға ұласты.
Тәнзила Қайбалиева, қала тұрғыны:
Әйелдер мейрамы ол бәрімізге де өте күш-қуат беретін, гүл сияқты гүлдеп, осы қыстан шыққанда барлық аналардың бір қуанып, жүгіріп жүретін мейрамдарының бірі. Кешеден бері сыйлық алып, жан жақтан құттықтаулар естіп жатырмыз.
Қарлығаш Темірғалиева, қала тұрғыны:
Біріншіден, қуаныштымыз, бүгінгі мейрамды сезіндірді. Енді барша әйел қауымына бақыт тілейміз.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49