Мұнай компаниялары айыппұл төлейді
Атырау облыстық Экология департаменті Қашаған кен орнын игеріп жатқан «Аджип ККО» және «NCOC» компанияларына жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп, олардың ауаны ластауынан қоршаған ортаға келтірілген шығынды анықтады.
Экологтардың есебінше, ірі мұнай мекемелері қоршаған ортаға 134,2 миллиард теңге көлемінде залал келтірген. Ауаның ластануына теңізден құрлыққа, яғни «Болашақ» зауытына тартылған газ құбырының жарылуы себеп болған. Соның салдарынан күкіртті сутектің ауада жайылуы орын алды.
Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, апаттан кейін, яғни 2013 жылдың қыркүйек және қазан айларында құбырдағы қышқыл газдың қалғаны зауыт және аралдағы алау құрылғыларында жағылғаны анықталды. Белгіленген көрсеткіштен артық жағылған улы газдың көлемі 2 миллион 795 мың 149 текше метрді құраған.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандағы ішкі туризм: Инфрақұрылым сұранысқа сай ма?
07.06.2026, 20:11
Жастардың тез табыс әкелетін жұмыстарды таңдауының себептері қандай?
07.06.2026, 20:08
Құлаған қасбет, опырылған қабырға, сынған терезе: Құрылыс сапасына кім жауапты?
07.06.2026, 20:06
СҚО-да 100-ден астам тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр
07.06.2026, 20:04
Alatau City: Жаңа қалаға не үшін арнайы мәртебе берілді?
07.06.2026, 20:00
Құрылтай депутаттары 5 жылға сайланады
07.06.2026, 19:53
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06