Бизнестегі әйелдердің үлесі – 60 пайыз
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық үш бағыты бойынша былтыр 186 миллиард теңгеден астам қаржыға 1100-ге жуық жоба қаржыландырылған.
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева айтты. Бағдарлама арқасында былтыр 58 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Ал осы шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 60 пайызды құрайды.
Халықаралық мереке қарсаңында өткен брифингте саясат пен бизнесте, қоғамдық салада белсенді азаматша тілшілердің сұрағына жауап бере келе, жеке басының жетістігімен де бөлісті.
Айгүл Соловьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мен уақытында ғылыми қызметкер болдым, ғылыми хатшы болдым. Бірақ ғылыми жұмысыңа ешқандай жалақы төлемейтін күн туғанда, өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыратын басқа кәсіп іздеуге тура келеді. Уақыт өте келе қоғамдық жұмыстарға белсене атсалыстым. Бірақ бұны жетістік деп айту қиын, тынымсыз еңбек деп айтқан дұрыс шығар. Сондықтан тынымсыз еңбектену керек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13